Құқық қорғау органдары

“Тайга” сауда үйінен күдікті пакет табылды

Сенбі күні таңертең «Тайга» сауда үйінен күдікті пакет табылды. Белгісіз зат газетке оралып, скотчпен жабыстырылыпты. Оны байқаған күзетшілер бірден тәртіп сақшыларына қоңырау соғады.

Нысанға дереу полицейлер, құтқарушылар мен дәрігерлер келіп жеткен. Сол маңда жүрген 113 адам қауіпсіз жерге шығарылады. Мамандар күдікті пакетті тінту барысында SIM картасыз түймелі телефон тапқан. Ұялы байланыс құралының иесі және оны кім қалдырып кеткені анықталып жатыр.

Маржан Касымбек