ТЖ

Петропавлда ангардан өрт шығып, 2 көлік жанып кетті

Петропавлда автоқосалқы бөлшектер саудаланатын нысаннан өрт шықты. Кеше сағат күндізгі 11 жарымда қызыл жалын Ғ.Мүсірепов көшесінің бойындағы ангарда бас көтерген.

Салдарынан іште тұрған 2 көлік пен жиһаз толығымен жанып кетті. Сондай-ақ, квадроциклға және шиномонтаждау қондырғыларына зақым келді. 20 құтқарушы, 5 техниканың көмегімен 90 шаршы метрге таралған өрт шамамен 1 сағаттың ішінде ауыздықталды. Тез арада ангардан 2 оттегі және 1 газ баллоны, тағы 10 канистра дизель шығарылды. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ, өрттің себебі мен материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.

Саят Ермек