Спорт

“Құлагер” ХК “Бейбарыс” командасымен қос кездесу өткізді

Қарашаның 2-сі мен 3-і күндері “Құлагер” хоккей клубы сырт айдында қос кездесу өткізді. Бұл жолы біздің спортшылар Атырауда “Бейбарыс” командасымен күш сынасты.

Алғашқы матчта қарсыластарымыздың жолы болды. Олар солтүстікқазақстандық ұжымды 6 да 2 есебімен тізе бүктірді. Ал келесі ойында жерлестеріміз есе қайтарды. Петропавлдықтар Жайық жағасының жігіттерін 1 де 3 қылып ұтты. Қазір “Құлагер” хоккей клубы турнирлік кестенің 9-шы сатысында тұр. Құрама келесі кездесулерін қарашаның 6-сы мен 7-сі күндері Ақтөбе қаласында “Ақтөбе” командасымен өткізеді.

Байболат  Култанов