Қылмыс

Өңірде есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды

6 грамм спайс, 71 грамм есірткілік тұзы. Бескөл ауылында зиянды заттарды саудаламақ болған 2 тұрғын ұсталды.

Олар жалпы құны шамамен 2 млн теңгені құрайтын синтетикалық нашаны сатпаққа әрекет еткен.
Сонымен қатар, полицейлер әлеуметтік желі арқылы этил спиртінің шыныларын және есірткілік шөп саудалаған қылмыстық топты анықтады. Жалпы, тергеу барысында Петропавл қаласында наша сақталып келген 9 жасырын орын әшкереленген.

Марс Оралбай – Петропавл қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі:

– Әлеуметтік желілерді зерделеу кезінде коммуникациялардың электрондық жүйелері – мессенджерлері және электронды төлем жүйелері арқылы қалада есірткі сатумен айналысатын қылмыстық топтың әрекеті анықталды. Қылмыскерлер заң бойынша 5 немесе 10 жылға дейін сотталады.

Маржан Касымбек