Ауыл шаруашылығыҚұқық қорғау органдары

Биыл өңірде 80-нен астам мал ұрлау фактісі тіркелген

Ақжар ауданында өткен айда 300 жылқы жоғалып кеткен. Тәртіп сақшылары іздестіру шаралары барысында жануарлардың барлығын жайылып жүрген жерінен тауып алыпты.

Оған қоса дәл осы ауданда бір күнде 49 жылқы ұрланған. Осыған ұқсас жайт Жамбыл ауданында да тіркеліпті. Онда жайылымда қараусыз қалған 46 ат қолды болған. Полицейлер аталған фактілер бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Барымташылар ұсталған жағдайда қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалатын болады. Өңірде жалпы жыл басынан бері 80-нен астам мал ұрлығы тіркелген.

Маржан Касымбек