Құқық қорғау органдары

Петропавлдық Мадияр Өсербаевқа іздеу салынады

Петропавлда жас жігіт іздестіріліп жатыр. 21 жасар Мадияр Өсербаев қазанның 25-інен 26-сына қараған түні сағат 12-лер шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Осымен 3-ші күн ата-анасы және туғандары онымен байланысқа шыға алмай отыр. Мадияр Өсербаевтың шашы қара, денесі арықтау. Азамат үйінен қызыл бейсболка мен дәл сондай түсті куртка, тағы көк джинсы шалбар мен қара кроссовка киіп шыққан. Сондай-ақ өзімен бірге заттары салынған қара түсті былғары сумка, құжаттары және ақша болған. Жас жігітті көрген не оның қайда екенінен хабардар жандар болса, бірден 102-ге немесе экранда көрсетілген нөмірлерге хабарласуды сұраймыз. Кез-келген ақпарат маңызды!

8 777 608 88 49
8 778 355 85 50

Саят Ермек