Құқық қорғау органдары

Петропавлда 5 бірдей көлік қақтығысып қалды

Тапа-тал түсте 5 бірдей көлік қақтығысып қалды! Оқыс оқиға қазаның 26-сы күні Петропавлдағы Жамбыл мен Бөкетов көшелерінің қилысында болды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша темір тұлпарды тізгіндеген жандар жүру кезегін бұзған. Салдарынан жаппай бір-біріне соғылған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары қақтығыстың нақты қалай орын алғанын және кімнің кінәлі екендігін анықтап жатыр.

Култанов Байболат