Құқық қорғау органдары

Бұзақы баланың қылығы

Бұзақы баланың қылығы. Бүгін Петропавлда Партизан көшесінің бойындағы 12-ші үйде тұратын 12 адам тәртіп сақшыларына жүгінді.

Олардың көліктеріне белгісіз біреу монтаждау көбігін жағып кеткен. Полицейлер бұзақыны бейнебақылау камераларының көмегімен анықтап, қолға түсірді. Сотқар Мағжан Жұмабаев ауданының 15 жасар тұрғыны болып шықты. Қазіргі күні тәртіп сақшылары «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ешкенова Дана