“Айлы түннің жарығымен” фестивалі өтті

Мәдениет

21:25 28 Қазан 2019

Айлы түннің жарығымен. Осындай атаумен “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде фестиваль ұйымдастырылды. Онда өңіріміздің өнерпаз жандары үш жүздің басын қосқан қолбасшы жайлы қойылым сахналады. Сондай-ақ, жиналғандар квест ойнап, тапсырмаларды орындады.

Абылай – қазақ халқының даңқты ханы. Ол жан-жақтан анталаған жауларды табанының астына алып, жерімізді қорғап қалған. Қолбасшы Ордабасы тауында үш жүздің басын қосады.

Төле би, Әйтеке және Қазыбек билер Абылайды ақ киізге отырғызып үш жүздің ханы етіп сайлайды. Абылай ханның рөлін С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының жас актері Ақжол Тусупов сомдады.

Ақжол Тусупов – С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актері:

– Абылай хан рөлін сомдау маған қиынға соқты. Өйткені, бар-жоғы 1 апта дайындалдым.

Кейін жиналғандар квест ойнады. Қатысушылар қолдарына саяхатшы кітабын алып, онда берілген тапсырмаларды орындауға кірісіп кетті. Бір бөлмеде 6 сұрақ жасырынған. Олардың жауабын тапқан адам екінші кезеңге өте алады.

Төлебай Ақтоланың командасы ең алғашқы болып 2-ші бөлмеге ауысты. Олар берілген тапсырмаларды шапшаңдықпен орындап жатыр.

Кейін Төлебайдың тобы кедергілерден сүрінбей өтіп, Абылай ханның қараңғы бөлмесіне кірді. Қатысушылар онда қолбасшыға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауабын алды.

Төлебай Ақтола – шараға қатысушы:

– Бізге сұрақтарға жауап беру қиын болған жоқ. Өйткені Абылай хан туралы 5-ші сыныптан бері білемін.

Жалпы, биыл Абылай хан резиденциясында “Музейлер шеруі” атты акция аясында “Айлы түннің жарығымен” фестивалі алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Әсемгүл Қыдбекова – “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені директорының орынбасары:

– Біздің мақсатымыз-Абылай хан туралы жастарға дәріптеу. Келер буын ол туралы көп мәлімет білсе.

Мұражай кешендегі іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Университет қабырғасында неміс мәдениеті күндері өтуде
“Күдер” ансамблі Дубайда халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды
Петропавлда “Крокодил” шығармасы сахналанды
Шоқан Уәлихановқа арналған көрме қанат жайды
Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл
“Швецияның әуендері мен ырғақтары” атты концерт өтті
Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры жаңа маусымын ашты
Италияндық музыканттың жеке шығармашылық кеші өтті
“Туған жерім – Қазақстаным” атты поэзиялық байқау өтті
Соғыс және еңбек ардагерлерінің халық академиялық хорына – 35 жыл
Қазақ театрында – жаңа премьера
Суретші Василий Манзяның 85 жылдығына арналған көрме