ТЖ

Петропавлда қария құдыққа түсіп кетті

Кеше Петропавлда 83 жастағы қария құдыққа түсіп кетті. Оқиға Заречный кентіндегі саяжай қауымдастықтарының бірінде болды.

Қарт әжей шетен бұтағын үзіп аламын деп ұмтылғанда, тепе-теңдікті сақтай алмай, тура ескі құдыққа құлаған. Оның беті қаңылтырмен ғана жабулы тұрса керек әрі сарғайып түскен жапырақтардың астынан көрінбеген. Абырой болғанда, нәзікжандының жанында құрбысы болған. Ол бірден құтқарушыларға хабарласады. Мамандар қарияны қақпаннан шығарып алып, тура ауруханаға жеткізеді. Азаматша дін аман.

Саят Ермек