Спорт

Нұрқожа Қайпанов күміс медаль еншіледі

Жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінді! Теріскейлік еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов бүкіләлемдік әскерилер ойынында екінші орын еншіледі.

Ол ақтық сынға дейін қарсыластарын қоғадай жапырған болатын. Сөйтіп финалға шықты. Ал шешуші кездесуде солтүстікқазақстандық палуан ресейлік әлем чемпионы ХЕтиг Цаболовтан ұтылып қалды. Осылайша кезекті мәрте күміс медалды қанжығасына байлады. Айта кетейік, бүкіләлемдік әскерилер ойыны 4 жылда бір өтеді. Биыл жаһандық жарыс Қытайдың Ухань қаласында жалауын желбіретті. Оған дүниежүзінің 132 мемлекетінен келген 8 мың спортшы қатысуда.

Култанов Байболат