Құқық қорғау органдары

Теріскейде анасы мен қызы жол апатынан қаза тапты

Кеше сағат күндізгі 3-тер шамасында “Көкшетау-Рузаевка” тас жолында жол-көлік апаты болды. Саумалкөл селосының маңында “Мерседес” пен “ГАЗель” көліктері соқтығысқан. Салдарынан “Мерседес”-тің 2 жолаушысы, ауруханада көз жұмды.

Жазым болғандар – 35 жастағы әйел мен оның 9 жасар қызы. Айыртау аудандық ауруханасында жеңіл көліктің жүргізушісі мен 63 жастағы “ГАЗель” жолаушысы ауыр халде жатыр. Полицейлер берген алдын ала ақпарға сәйкес, “Мерседес”-ті тізгіндеген азамат рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Қазір қайғылы жәйттің мән жайы анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

Саят Ермек