Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығына 79 млрд теңге инвестиция құйылды

Үстіміздегі жылдың тоғыз айында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бюджеттен тыс 79 млрд теңге қаржы құйылыпты. Бұл өңірге бағытталған инвестицияның 52 пайызын құрайды.

Осылайша, инвестиция көлемі 2018-ге қарағанда 27,3 пайызға артып отыр. Қаржы құю бойынша Ғ.Мүсірепов, Тайынша мен Қызылжар аудандары алда. Ал ауыл шаруашылығының салаларын алып қарайтын болсақ, қаражаттың басым бөлігін, яғни – 63 млрдын кәсіпорындар дақыл өсіруге бағыттаған. 10 пайызы – мал, қалғаны аралас шаруашылыққа тартылыпты.

Эльмира Садвокасова