Ауыл шаруашылығы

Орақ науқаны аяқталуға жақын

Орақ науқаны аяқталуға жақын. Теріскейлік аграрийлер дәнді дақылдар егілген алқаптардың 99 пайызындағы жұмысты тындырған. 4,8 млн тонна астықты құлатып, 60 пайызына жуығын бастырыпты.

Гектар берекелігі бойынша алда – қызылжарлықтар. Мұндағы өнімділік гектарына 22 центнерді құрап отыр. Тайынша мен Ғ.Мүсірепов аудандарының диқандары 16,5 және 16,7 центнерден жинаған. Ең төменгі көрсеткіш Тимирязев ауданына тиесілі. Шаруалардың ала жаздай өсірген дақылдары орташа есеппен гектарынан 14 центнер ғана өнім беріпті. Қазір орақ науқаны тек Мағжан Жұмабаев пен Шал ақын аудандарында жүріп жатыр. Жақын арада шаруа толықтай өз мәресіне жетпек.

Эльмира Садвокасова