Құқық қорғау органдары

Елікті атып алған браконьерлер құрықталды

Хайуандыққа барған Благовещенканың екі тұрғыны ұсталды. Олар Жамбыл ауданына қарасты Украинское селосының маңында сібір елігін атып, етін сол жерде бөлісіп алған. Браконьерлер мінген ВАЗ көлігін жергілікті тәртіп сақшысы тоқтатады. Машинадан жануардың еті, 12 калибрлі мылтық табылған. Қазір заңсыз аңшылыққа қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Атап өту қажет, бұл факті “Браконьер” жедел-профилактикалық шарасы барысында анықталған.

Сән Жұмағазина – СҚО ПД бас маманы:

– Операцияның 10 күні ішінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 60 фактісі анықталды: 34 фактісі – заңсыз аңшылық, 20 факті – заңсыз балық аулау және балық аулау қағидаларын бұзу, 5 факті – азаматтың қаруды сатып алу, сақтау, қолдану немесе тасымалдау қағидаларын бұзу.

Ешкенова Дана