Спорт

«Qulager» хоккейшілері теміртаулықтарға есе жіберіп алды

«Qulager» хоккей клубының ойыншылары теміртаулықтарға есе жіберіп алды.

Жерлес имек таяқ шеберлері кеше өз айдынында “Теміртау” командасымен кездескен болатын. Ойынның бірінші ысқырығынан-ақ қонақтар басымдық танытты. 1-ші минутта теміртаулық Артем Трухачёв қарсыластарының қақпасына алғашқы шайбаны тастады. Жерлестеріміз есепті ойынның 8-ші минутында теңестіре алды. Илья Ахметовтің берген пасын Дамир Рамазанов ұтымды пайдалана білді. Осылайша, бірінші кезең 1:1 есебімен аяқталды.

Ал келесі жиырма минуттықта «Qulager»-дің қақпасына 2 бірдей шайбаны дарытқан теміртаулықтар соңғы кезеңде де белсенді болды. Дегенмен, теріскейлік Максим Первухин бір гол соғып, сәл де болсын есеп айырмасын азайтты. Сонымен, «Qulager» мен “Теміртау” арасындағы бірінші кездесу 2 де 3-пен аяқталды.

Евгений Королев – “Теміртау” ХК бас бапкері:

– Жас құрама болғандықтан, әлі үйренеріміз көп. Турнирлік кестенің соңында тұрмыз. Бізге тырысып, алға ұмтылу керек. Негізі, «Qulager» командасы өте мықты. Мұндай қарсыласты жеңу оңайға соққан жоқ. Енді келесі нәтиже қарымта кездесуде белгілі болады.

Ешкенова Дана