ТЖ

Қызылжар ауданында зейнеткер өрттен қаза тапты

Қызылжар ауданында 72 жастағы азамат тірідей жанып кетті. Қайғылы оқиға дүйсенбі күні Боголюбово ауылында болды.

Өрт шыққаны жайлы дабыл құтқарушы мамандарға күндіз сағат 4-тің маңайында келіп түседі. Оқиға орнына 2 техника мен 10 адам жеткен. Сонымен қатар, 2 ерікті азамат көмек қолын созыпты. Құтқарушылар жете берген сәтте тұрғын үйдің төбесі толық отқа оранып, опырылып түскен екен. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында 1947-ші жылы туған ер азаматтың жансыз денесі табылған. Өрттің жалпы аумағы 72 шаршы метрді құрапты. Мамандардың айтуынша оқыс оқиға темекі немесе сіріңкені абайсыз пайдаланудан болған.

 

 

Бердимурат Баймухан