Қоғам

Шаһарда “Эталон меха” жәрмеңкесі өтуде

Сапалы әрі қолжетімді. Петропавлда кезекті “Эталон меха” көрмесі бастау алды. Ресейлік ішіктер жәрмеңкесі шаһарда осымен 5-ші жыл ұйымдастырылуда. Бұл жолы мамандар теріскей сәнқойлары үшін тондардың 500-ге жуық үлгісін ұсынып отыр.

Қаракүзен, бұлғын, мутон мен түлкі терісінен тігілген мына бір тондарға еріксіз көзің түседі. Бұл маңнан өткен әр нәзікжанды міндетті түрде ішіктің түр-түрін киіп көріп жатыр. Шыны керек, қыз-келіншектерге біраз ойға батуға тура келеді. Өйткені, үлгілер көп, түстері мен өлшемдері де сан алуан.

Роман Виновный: “Эталон меха” көрмесінің әкімшісі, Пятигорск қаласы, РФ:

 – Бұл көрмеде ішіктердің тек қарапайым үлгілері ғана емес, табиғи және боялған түрлері де бар. Өлшемдері 38-ден 66-ға дейін. Сол себепті, кез келген сәнқой өз қалағанын табары анық. Ал таңдау жасарда біз өз көмегімзді көрсетеміз.

Арулар жәрмеңкеге жақын туысын немесе құрбысын ертіп келеді. Себеп қарапайым. Таңдау жасарда өз ойын айтып, дұрыс кеңес беретін жан әрдайым қажет. Наталья Ковалёва да ішіктердің түр-түрін киіп көріп жатыр. Ұнайтын үлгілер көп, сондықтан таңдауды біреуіне тоқтату оңай емес. Азаматшаның тоны жоқ емес, бар, алайда жаңа сыртқы киім артық болмайды дейді ол. Сол себепті, жәрмеңке туралы ести салысымен, тура “City Mall”-ға келіпті.

Наталья Ковалёва: қала тұрғыны:

– Мен мұнда өзіме тон таңдауға келдім. Көрмедегі тауарлардың сапасы қатты ұнады. Ішіктер қалың әрі өте ыңғайлы. Әсіресе, жеңдері теріскейдің суығын өткізбейді. Дегемен, әлі таңдау жасаған жоқпын.

Көңіліңізден шыққан тонды алуға ақшаңыз жетпесе, уайымдамаңыз! Ішікті несиеге алуға болады. Ал, ақысын қолма-қол төлейтін болсаңыз, арнайы жеңілдіктер мен түрлі акциялар да қарастырылған. Айта кеткен жөн, мұнда тек ішіктер ғана емес, паркалар да бар. Жылуды жақсы ұстайтын сыртқы киімдердің жағасы түлкі терісінен тігілген. Сәнді паркаларға көбіне жастар қызығушылық танытып жатады.

Ақтолқын Солтанханқызы: тілші:

– Ал үстімдегі тонның дәл осы үлгісі кез келген сәнқойға ұнары сөзсіз. Көрмеге алғаш қойылып отырған тері бұйымы жалғыз дана. Сондықтан, асыққан жөн. Бағасы да қалта қақпайды, ал сапасы теріскейдің қақаған қысына төзімді келеді.

Бұл – көрмедегі ең қымбат сырт киім. Оның бағасы 1 млн теңгеден асады. Мына бір үлгінің де жалғыз данасы келіпті. Ішік каракүзеннен жасалған, ал жағасы сілеусіннің терісінен екен. Тауардың бәрі тігін фабрикасынан тікелей жеткізілген. Сондықтан, бағасы нарықтағыдан әжептәуір арзан. Сәнқойлар үшін эксклюзив үлгідегі киімдердің жәрмеңкесі шаһарда 27-ші қазанға дейін жұмыс істейді. Ол “City Mall” сауда орталығының 2-қабатында орналасқан.

Актолкын Солтанханкызы