Тұлға

Сәкен Сейфулиннің туғанына – 125 жыл

Ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы. Бұның барлығы Сәкен Сейфуллин жайлы. Биыл дара тұлғаның туғанына – 125 жыл.

Сәкен Сейфулиннің қысқа ғана ғұмырында атқарып кеткен шаруаларын бір күн мен бір түнде айтып бітіру мүмкін емес. Қазақ халқының пешенесіне жазылған дара тұлға мемлекет те, қоғам да қайраткері болды. Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалады. Гүлназым Мұқашева ақынның қазір ең көлемді шығармаларының бірі – “Көкшетау” поэмасына тоқталуда. Туынды халық аузында жүрген бірқатар әңгімелерге құралыпты. Бүгінде Қазақстанның маржаны саналатын Бурабай өлкесіне қатысты айтылатын аңыздар да осында жинақталған. Сұлу табиғаттан бөлек, шығармада халқымыздың тарихындағы қиын-қыстау замандардың бірі баяндалады.

Гүлназым Мұқашева – ҚР ҰҰ Әскери институтының оқытушысы:

– Автордың сол дәуір шындығын, ондағы адамдар мен таптардың қарым-қатынастарын, ұнамды-ұнамсыз адамдар образдарын осы поэмада ашқан болатын. Бұл поэманың негізі ретінде қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік алынады.

Бүкпесіз шындық үшін күрескен жан. НКВД-ның көзіне іліккені де сондықтан. Жылдар бойы Сәкен Сейфуллиннің әрбір қадамы аңдуда болған. Билік өкілдері қайраткерге “халық жауы” деген айып тағу үшін тырнақ астынан кір іздеген. Сол уақытта бастан өткерген оқиғалары жайлы жазушы өзінің ауқымды прозалық шығармасында баяндаған. “Тар жол, тайғақ кешу”. Бұл – қазақ халқының көзін жоймақ болған аштық жылдары, зиялы қауым қудаланған, жазықсыз атылған, репрессиясымен танылған 20-шы ғасырдың бірінші жартысы жайлы.

Венера Зейнина – ҚР ҰҰ Әскери институтының аға оқытушысы:

– Бұл жерде ақын 20-шы ғасырда қазақ халқының басына түскен нәубетті өзінің автобиографиясы арқылы баяндайды.

Аз ғана ғұмырын қайраткер елінің болашағына арнаған. Қазақ халқы мойынсұнбасын деп, басылмасын деп, өз тілі мен ділін жоғалтасын деп Сәкен соңғы демі қалғанша күрескен. Бұл бостандық пен еркіндік – енді кейінгі ұрпаққа мұра.

 

 

Эльмира Садвокасова