Қоғам

Қарияларға арналған экскурсия

Ел бойынша қарттарды қолдау айлығы жалғасуда. Оның аясында бүгін 42 зейнеткерге арналып қаланың көрікті жерлеріне экскурсия жасалды.

Бұрындары бұл жандар М.Жұмабаев ауданында еңбек еткен. Зейнетке шыққан соң Петропавлға көшіп келген. Ардагерлерге Қарасай мен Ағынтай батырлардың ерліктері баяндалды. Содан кейін зейнеткерлер Мәңгілік алау ескерткішіне аялдады. Экскурсия жоспары бірнеше нысаннан тұрады.

Оралбай Сағандықов, М. Жұмабаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Біздің мақсатымыз – зейнеткерлерге қаламыздың көрікті жерлерін көрсету. Олар Петропавлда тұрса да араларында жаңа нысандарға бармағандары да бар.

 

Ешкенова Дана