Спорт

Александр Винокуров “Iron Man” жарысында жеңіске жетті

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров триатлоннан 45 пен 49 жас санатында әлем чемпионы атанды. Жерлес спортшы АҚШ-тың Кона қаласында өтіп жатқан “Iron Man” чемпионатына қатысқан болатын. Спортшы байрақты бәсекеде 3 кезең бойынша сайысқа түсті. Ол суда 3,8 км қашықтықты 1 сағат 9 минутта жүзіп өтіп, веложарыста 180 шақырымды 4 сағат 21 минутта еңсерген. Жарыстың соңғы марафонын спортшы 3 сағат 12 минутта жүгіріп өтіп, қарсыластарын шаң қаптырыпты. Жалпы, бұның барлығын жерлесіміз 8 сағат 48 минут 24 секундта орындаған екен. Осылайша, Александр Винокуров өз жас санатында үздік нәтиже көрсетіп, 1-шы орынды иеленді.

 

 

Бердимурат Баймухан