Құқық қорғау органдары

Өңірде “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Облыс аумағында республикалық “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде өткізіп тұрсада заңбұзушылықтар әлі де тыйылар емес.

Республикалық «Автобус» жедел-алдын алу шарасы жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Тағы қоғамдық көліктердің жайлылығын тексеру де бар. Бүгінде шаһарда 26 бағыт бойынша 300-ге жуық автобус қатынайды. Кезекті шара барысында қоғамдық көліктердің барлығы ерекше бақылауға алынды.

Галина Семёнова – “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы:

– Аталған іс-шара барысында көлік құралдарының санитарлық, техникалық жағдайы және жүргізушілер де тексеріледі. Көбіне көлік құралдарын қайта жабдықтау, отыратын орындар санының техпаспорттағыға сәйкес келмеу фактілері орын алып жатады.

Өкінішке қарай, полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстарын жүйелі өткізсе де тәртіпті елемеу жайттары азаймай отыр. Мәселен, осы жолғы шара барысында №14 автобус назарға іліккен екен. Мұнда жолаушыларға қолайлы жағдай жасалмаған. Салонның іші лас болып шықты.
Дәл осы бағыттағы келесі көлікте отырғызу орындары заңсыз түрде қайта жабдықталыпты. 47 жастағы жүргізушісіне қатысты хаттама толтырылып, 15 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Шәмшиден Ақышов – Петропавл қалалық ПБ ЖПҚ бастығының орынбасары:

– Қоғамдық көлік пен олардың жүргізушілеріне қатысты көптеген шағымдар түсіп жатыр. Көбі тазалық жоқ дейді. Сондықтан осы рейдті өткізіп жатырмыз. Көптеген әкімшілік хаттамаларды толтыдық.

Жыл басынан бері облыста “Автобус” жедел-алдын алу операциясы екі рет өткізілген болатын. Шара барысында 780 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Дана  Ешкенова