Спорт

«Qulager» хоккейшілері сырт алаңда есе жіберіп алды

«Qulager» хоккей клубының ойыншылары сырт алаңда есе жіберіп алды. Жерлес имек таяқ шеберлері қазан айының 7-сі мен 8-і күндері Көкшетау қаласында «Arlan» командасымен кездескен болатын.

Алғашқы ойынның басында көкшетаулық «Arlan» құрамасының хоккейшілері бірден шабуылға көшіп, ойын тізгінін өз қолдарына алды. Бұл матчта олар жерлестеріміздің қақпасына 7 шайба дарытты. Ал теріскейлік ойыншылар болса тек екі голмен ғана шектелді. Матчтың екінші күні тартысты өтті. Сайыстың ортасында шайбаға таласқан имектаяқ шеберлері бір-біріне жұдырық ала жүгірген сәттер де болды. Қарымта кездесуде жерлес құрама әдемі ойын өрнегін көрсете алған жоқ. Бәсекенің 3-ші кезеңінде ғана Денис Стасюк дубльмен ерекшеленді. Және Максим Первухин «Arlan»-ның қақпасына бір шайба соқты. Осылайша матч 4:3 есебімен көкшетаулықтардың пайдасына шешілді.

Бердимурат Баймухан