Құқық қорғау органдарыКөлік және жолдар

Есіл ауданындағы көпір пайдалануға берілді

Республикалық маңызы бар “Жезқазған-Петропавл” тас жолының 875-шақырымындағы көпір пайдалануға берілді.

Ол Есіл өзенінде Покровка ауылының тұсында орналасқан. Сейсенбі күні кешке  нысанды қалыпқа келтіру жұмыстарының аяқталуына байланысты жеңіл машиналар мен жүк көліктерінің қозғалысын шектеу белгілері алынып тасталды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Актолкын Солтанханкызы