Құқық қорғау органдары

Камаз трактордың тіркемесіне соғылды

“Жезқазған-Петропавл” тас жолында көлік апаты орын алды. Оқиға Қызылжар ауданына қарасты Қарлыға ауылының маңында кеше түскі 2-лер шамасында болған.

Камаз машинасын басқарған 63-ші жылғы облыс тұрғыны трактордың тіркемесіне соғылып, алған жарақаттарынан апат орнында қаза тапты. Факті бірыңғай тергеуалды реестріне енгізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Эльмира Садвокасова