Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да арнайы экономикалық аймақ құрылады

Солтүстікқазақстандықтар үшін тарихи күн. Бүгін Үкіметте «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы қаулы қабылданды. Мұнда заманауи және экспортқа бағытталған өндіріс орындары ашылып, 3 мың жаңа жұмыс орны пайда болады.

Бірінші кезеңде инвестиция сомасы 160 млрд теңгені құрамақ. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы 25 жыл жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде 1,5 трлн теңгенің өнімі шығарылады деп жоспарлануда. Бұл Қазақтан мен Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерінің арасындағы ең алғашқы экономикалық аймақ. Ол тамақ өнімдерін өңдеу мен құрылыс материалдарын, жиһаз, электроника және машина жасау сияқты өндіріс түрлерін қамтитын болады. Бизнесмендерге салық төлеуде жеңілдік көрсетіледі. Оған қоса, мемлекет барлық инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын өз мойнына алады. Бұл жайында облыс әкімі Құмар Ақсақалов инстаграмдағы өз парақшасында жазды.

Бердимурат Баймухан