Балалар

Сурет байқауы өз мәресіне жетті

Қыркүйектің 13-ші жұлдызында мектеп оқушыларының арасында облыстық сурет байқауы жарияланған болатын. 250-ге жуық бала жұқпалы аурулардың алдын алу тақырыбында сурет салудан бәйгеге түсті.

Бүгін сол сайыстың жеңімпаздары анықталды. Жас суретшілер салған туындыларын инстаграм әлеуметтік желісіне жүктеген болатын. Онлайн түрде өткізілген байқауда ең көп дауыс жинаған айыртаулық 4-ші сынып оқушысы Иван Алексеев топ жарды. Оның туындысына 1 мыңнан астам адам лайк басыпты. Сурет салуға 2 жасынан бастап ден қойған оқушы бүгін өнерін жалғастыруға қажетті аспаптармен, кітап және дипломмен марапатталды.

Иван Алексеев – Арықбалық орта мектебінің оқушысы, Айыртау ауданы:

– Байқау жайлы ұстазымнан білдім. Менің суретімде дәрігер мен вирустың суреті салынған. Бұнымен маман белгілеген екпелерді ектіретін болсақ, бізге ешқандай инфекциялық дерт жұқпайды деген ойымды білдіргім келді.

Бердимурат Баймухан