Ауа райы

Қазан айына арналған ауа райы

Күз мезгілінің 2-ші айы да келіп жетті. Қазанның алғашқы онкүндігі жайма-шуақ болмақ. Кейін ауа температурасы минус 15 градусқа дейін суытуы мүмкін. Оған қоса жауын-шашын шамадан тыс жауады деп күтілуде.

Қыркүйек толассыз жауған жаңбырымен, ызғарлы желімен есте қалды. Ал қазанның алғашқы күндері керісінше теріскейліктер үшін жайлы болып тұр. Мұндай ауа райы әсіресе диқандарға қолайлы. Олар қазір күн-түн демей алқаптарда еңбек етіп, астықты жинап жатыр. Синоптиктердің болжауынша жайма-шуақ күндері өңірімізде әлі сақталмақ.

Гүлзат Ғазизова, “Қазгидромет” РММ СҚОФ метеоболжам бөлімінің басшысы:

– Сынап бағанасы түнде 5-10 градус жылылықты көрсетіп, күндіз бұл көрсеткіш + 15-20-қа дейін жетеді. Аспан шайдай ашық болады.

Ал, қазанның екінші онкүндігінде ауа температурасы түнде -7 градусқа дейін суытады. Күндіз бұл көрсеткіш +5-тен 12-ге дейін жоғарылайды екен. Кей жерлерде бұлт қоюланып, жерге бозқырау түсуі де мүмкін. Ал, ай ортасынан ауғанда күн ызғарланып, күздің нағыз қара суығы байқалмақ.

Гүлзат Ғазизова, “Қазгидромет” РММ СҚОФ метеоболжам бөлімінің басшысы:

– Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 5-10, кей жерлерде 15 градус аяз, күндіз 0-5 градус аяз, кей жерлерде -5 градус жылы.

Осы орайда қазандағы ылғал мөлшеріне тоқталайық. Бірінші онкүндіктің соңында өңіріміздің кей аудандарында өткінші жаңбыр
жауады деп күтілуде. Ал кейін жауын-шашынның түсуі жиілейді. Арты қарға ұласып, көктайғақ болмақ. Бірақ, солтүстікқазақстандықтар жайма-шуық күндердің сақталғанын қалайды.

– Күн жылы. Таза ауада серуендеп жүрмін. Өзіме осындай ауа райы ұнайды.

– Құрбыммен саябаққа шықтық. Мұндай ауа райы ұзаққа созылады деп үміттенемін.

Синоптиктердің болжауынша қазанның екінші және үшінші онкүндігінде батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетпек. Мамандардың айтуынша облысымызда бұл айдағы ең суық күн 1940-ші жылдың 31-ші қазанында тіркеліпті. Онда сынап бағанасы -26 градусты көрсеткен екен.

 

 

 

 

Ешкенова Дана