Қоғам

Қарттарға құрмет!

Қарттарға құрмет! Бүгін өңіріміздегі мекемелер мен кәсіпорындар аға буын өкілдерін мерекемен құттықтап жатыр.

Яғни, кейінгі толқын өкілдері белгілі бір ұйымда ұзақ уақыт жұмыс істеген зейнеткерлерге құрмет көрсетуде. Мұндай жиынның бірі Тайынша ауданаралық ауруханасында да өтті. Бұл жерде өмірінің тең жартысын денсаулық сақтау саласына арнаған қарттар баршылық. Солардың арасында Түлен Сүйіндікова да бар. Ол – дәрігер-терапевт. Жалпы еңбек өтілі 40 жылға жуық. Нәзікжанды осыдан 6 жыл бұрын зейнетке шығыпты. Бірақ, соның өзінде өзінің сүйікті ісінен қол үзбепті. Басты міндетін адамдарға көмектесу деп санайды.

Түлен Сүйіндікова – Тайынша аудандық көпбейінді ауданаралық ауруханасының дәрігер-терапеві, еңбек ардагері:

– Осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Ең бастысы жұмысыңды сүю керек және адал еңбек ету керек.

 

Ешкенова Дана