Қоғам

Қала әкімі қарттарды құттықтады

Облыс орталығында Қарттар күніне орай мерекелік концерт өтті.

Ізгілік пен құрметке толы іс-шараның ашылу салтанатында аға буын өкілдерін қала әкімі Болат Жұмабеков мерекемен құттықтады.

Болат Жұмабеков – Петропавл қаласының әкімі:

– Біздің қазіргі күні жетіп жатқан жетістіктеріміз – сіздердің арқаларыңызда. Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Қарттарымыздың өткен өмірі – өскелең ұрпаққа үлгі, өшпес өнеге. Сол үшін қазақ қарты бар елдің қазынасы бар деп бекер айтпаған ау. Ғалымбек Ғайсин – 35 жыл мемлекеттік қызметте аянбай тер төгіп, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтардың бірі.
72 жастағы қариямыз қазіргі күні өзінің адал атқарған еңбегінің зейнетін көріп отыр.

Ғалымбек Ғайсин – зейнеткер:

– Жастарға айтарым – қарттарды сыйлап сол кісілердің өнегесін, ақылын тыңдап өссін. Үлкен кісілердің ақылын алса жаман болмайды, еліміз нығая береді.

Мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер өз өнерлерімен жиналғандардың көңілін көтерді. Жылына бір рет келетін мерекеде тақиялы аталарымыз мен ақ жаулықты әжелеріміздің жүзінде қуаныш ойнап, мерейі тасыды.

Айдана Жамбулина – «Тұмар» би ансамблінің мүшесі:

–  Құрметті ата әжелер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын. Жастарыңыз ұзақ болсын.

Жалпы, мерекелік концертке 700-ден астам аға буын өкілі қатысты.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан