Қоғам

Өңірде “Есеп беру күні” өткізіледі

Бақылау-қадағалау органдары өкілдерінің кәсіпкерлер алдында есеп беруі. Қыркүйектің 30-ы күні, яғни дүйсенбі С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада сағат 15:00-де осындай шара өтеді.

Бүкіл ел көлемінде алғаш рет өткізілгелі тұрған жиын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында қолға алынып отыр. Онда бақылау-қадағалау органдарының өкілдері атқарып жатқан жұмыстары мен тексерулері жайлы баяндама жасайды. Сондай-ақ, жиі тіркелетін заңбұзушылықтар туралы айтып, оларды жою жолдарын ұсынады. Кәсіпкерлерге қатысты заңдағы өзгерістер мен талаптар түсіндірілетін болады.

Құралай Жарова – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

– Солтүстік Қазақстан облысы негізінен аграрлы аймақ болғандықтан, жер қатынастары саласында түрлі мәселелер мен бұзушылықтар жиі туындап жатады. Сол себепті, шараға мемлекеттік инспекция басқармасы, облыс әкімдігінің жер инспекциясының өкілдері қатысады. Еңбек инспекциясының мамандары да болады.

 

Маржан Касымбек