Құқық қорғау органдары

31 жастағы келіншекті көлік қағып кетті

Петропавлда жан түршігерлік оқиға орын алды. Кеше, қыркүйектің 25-і, түскі 3 жарым шамасында Жұмысшы кентінде жол-көлік апаты болды. ЗИЛ машинасын тізгіндеген қала тұрғыны УкрАинская көшесі бойындағы жаяу жүргінші жолағында 31 жастағы келіншекті қағып кеткен.Алған жарақат салдарынан азаматша бірден оқиға орнында жан тапсырды. Келіншектің артынан 2-ге толмаған және 5 жастағы балалары қалды. ЗИЛ көлігінің 72-ші жылғы жүргізушісі бүгінде қамауға алынған. Анықталғандай ер адам темір тұлпарды сау күйінде тізгіндеген.

Шәмшиден Ақышов – Петропавл қалалық ПБ ЖПҚ бастығының орынбасары:

–  ҚК 345-бабы 3-бөлігі “Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші аталған баптың санкциясына сәйкес 3-тен 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Эльмира Садвокасова