Халық тарих толқынында

Тарихи қару-жарақтар таныстырылды

“Ер қаруы – бес қару”. Осындай атаумен “Жас Дарын” өнер мектебінде “АДОН-Север” қоғамдық бірлестігінің мүшелеріне арналып танымдық шара ұйымдастырылды. 18-ші ғасырдағы қазақ жауынгерінің қару-жарағы, оның ішінде садақ, найза, айбалта, шоқпар, қылыш пен семсер туралы айтылды. Мәселен, бір дулығаның өзі 7 келі тартыпты. Ал бүкіл сауыт-сайманның салмағы 70 келіге дейін жақындаған.

Любовь Бессонова, “АДОН-Север” ҚБ әлеуметтік педагогы:

– Көрмеден еліміздің көне тарихының бір бөлігі көрініс табады. Халқының өткенін білуге қызығушылық танытқан жандар үшін бұл маңызды дерек. Әсерлі етіп баяндалған әңгіме тыңдаушыларға ұнады.

Актолкын Солтанханкызы