МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру

Мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру! Қазір бұл бағытта елімізде ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Мәселен, бүгінде жергілікті атқарушы органдар 100 пайыз электрондық форматқа көшуде.

Дәл осындай үрдіс шамамен 2 ай бұрын облыстық мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасында да орын алды. Қазір мұндағы мамандар тек интернет арқылы қызмет көрсетеді. Қағазбастылық деген мүлде жоқ. Жалпы, жыл басынан бері аталған басқарма өкілдері тұрғындарға 114 рет мемлекеттік қызмет ұсыныпты. Оның басым бөлігі лицензияны беру және қайта рәсімдеу болып табылады.

Батырбек Қалабаев – СҚО мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы:

– Облыстық мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы 4 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Іс тек электрондық форматта жүргізіледі. Мұндай үрдіс тұрғындардың уақытын үнемдейді. Мысалы, бұрын лицензияны беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрету 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асыралатын. Ал қазір шаруа 5 тәулікте тындырылады.

Эльмира Садвокасова