Қоғам

Үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу

Өңірде билік пен халық арасында көпір ретінде саналатын үкіметтік емес ұйымдардың саны 570-тен асады. Жобаларды жүзеге асырып, қоғамға пайдасын тигізуде олардың тек 100-ге жуығы белсенді. Ал, шет елдерде болса, бұл нағыз қозғаушы күштің рөлін атқарады.

Дәл осы бірлестіктер арқылы барша халықтың күрделі әлеуметтік проблемалары билікке дейін жетіп, бірден шешімін табады екен. Қазақстандағы ұйымдарға да тәжірибеге сүйену артық етпейді. Әрі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін бірлестіктердің беделін арттыру қажеттігін атап өтті. Дәл осы мақсатта өңірде арнайы ресурстық орталық жұмысын бастады.

Жанат Мұхамеджанов – “СҚО Азаматтық Альянс қауымдастығы” ҚБ мүшесі:

– Қоғамдық ұйымдарға ресурстық орталық қажет деп ойлаймыз. Орталықта “Үкіметтік емес ұйымдарды қалай құру керек?”, “Қай бағытта жұмыс жасау керек?” деген сауалдарға жауап береміз. Үкіметтік емес ұйымдарды құрған кезде оның жарғысы, банкте реквизиттері болуы керек.

Эльмира Садвокасова