Құқық қорғау органдары

Диспансердегі қайғылы оқиға

Жанжал соңы өліммен аяқталды. Ғабит Мүсірепов ауданындағы туберкулезге қарсы диспансерде бір емделуші екіншісін пышақтап тастаған. Оқиға қыркүйектің 7-сі күні орын алыпты.

40 жастағы ер адам 80-ші жылғы азаматқа пышақ жарақатып салып, салдарынан  жаралы адам көп қан жоғалтқандықтан, ауруханада қайтыс болды. Қазір күдікті қамауда. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-ші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Айыпты 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.