Құқық қорғау органдары

Гарнизондық жұмыс орындарына тарату жүргізілді

Петропавлда полиция кешендік күштерін гарнизондық жұмыс орындарына тарату өтті. Мұндай жиын қаламызда әр жұма сайын ұйымдастырылып тұрады.

Шараға 160-тан аса адам қатысты. Олардың 20-ға жуығы – жол сақшылары. Ал қалғаны – қоғамдық тәртіпті жаяу қадағалайтын мамандар мен күзет агенттіктерінің өкілдері. Жиын барысында қаз-қатар сап түзеген жандардың қызметке әзірлігін облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев қарап шықты. Кейін кезек марапаттау рәсіміне келді. Алдымен өңірдің бас полицейі жас инспекторларға алғашқы шендерін табыстады. Бұдан соң қызметте көзге түскендерді алғыс хатымен марапаттады. Мұндай құрметке Асхат Құрмашов та бөленді. Жас жігіт көлік ұрлаған азаматты құрықтаған.

Асхат Құрмашов – Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ ЖППБ қызмет инспекторы:

–  5-ші қыркүйек күні түнде Кошуков және Сәтпаев көшелерінің қилысында “SsangYong” автомобилі маневр жасау ережесін бұзды. Мұны біз байқап, машинаны тоқтаттық. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде одан алкогольдің иісі шығып тұрды. Тағы, темір тұлпар тізгіндеген жан сақтандыру полисінде тіркелмепті. Бұдан соң, база арқылы көліктің иесін тауып хабарластық. Осылайша автомобильдің ұрланғаны анықталды.

Байболат Бектемірұлы