Спорт

Теріскейлік палуан әлем чемпионатының финалына шықты

Спортсүйер қауымға сүйінші жаңалық! Солтүстікқазақстандық палуан Нұрқожа  Қайпанов елордада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.

Алғашқы айналымда 70 келі салмақта белдескен жерлесіміз австралиялық, кейін ұлыбританиялық қарсыластарын айқын ұтты. Ал жартылай финалда ирандық спортшыны 7 де 6 есебімен тізе бүктірді. Осылайша жаһандық жарыстың ақтық сынына жолдама алды. Ертең білекті жігіт ресейлік Давид Баевпен алтын алқаны сарапқа салатын болады. Нұрқожаға сәттілік тілейміз!

Байболат  Култанов