Қоғам

Өңір тұрғындарын көмірмен қамту

Қысқа қамдану тақырыбына ойыссақ.

Облыс тұрғындары бір қыста шамамен 385 мың тонна көмір жағады екен. Бүгінде оның 212 мың тоннасы, яғни 55 пайызы дайын. Өңірдегі 34 темір жол тұйығында 68 мың тонна қара отын сақтаулы тұр. Оның 10 мың тоннасы – Петропавлда.Бір тонна көмірдің құны сапасына қарай 8 мың 700 теңгеден басталып, 16 жарым мың теңгені құрайды.

Айдархан Мусин – СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі уақытта көмір темір жол тұйықтарына кесте бойынша жеткізіліп жатыр. Мәселен, Екібастұз көмірінің құны 8 мың 700-ден басталып 10 мыңмен аяқталады. Шұбаркөлдікі – 13 мың мен 16 жарым мың арасында, Қаражара деп аталатыны 12 мың 700-ден 15 жарым мыңға дейін жетеді. Майкүбі көмірінің бағасы 10 жарым мың мен 14 мың теңге аралығында тұрады.

Бердимурат Баймухан