Қоғам

БЖЗҚ филиалында ашық есік күні өтті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының облыстық филиалында бүгін ашық есік күні өтті. Кездесуге студенттер, зейнеталды жастағы адамдар мен банк қызметкерлері қатысты.

Қор мамандары бұл күні 100-ге жуық адамды қабылдады. Көпшілікті толғандырған мәселелердің бірі – ерікті зейнетақы жарналары. Аталған төлем түрін  салымшы қордағы есепшотына өз ықтияры бойынша салады. Яғни азамат құрметті еңбек демалысына шыққанша дейін  зейнетақы қорына  ресми жұмысындағыдан бөлек / ақша аудара алады. Жарнаның сомасы мен жиілігін өзі белгілейді. Тіпті, есепшоттағы қаржы көлемін туған-туысқандары да толықтыруға құқылы.

Ғалия Мұқанова – “БЖЗҚ” АҚ СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы:

– Жалпы, бірнеше зейнетақы жарналары бар. Олар – міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары. Соңғысы біздің болашақта зейнетке шыққан уақытта қосымша төлем болып табылады. Қазіргі таңда өңірімізде 1200-ден астам ерікті зейнетақы шоты бар. Олардың сомасы 35 млн теңгеден асады.

Дана  Ешкенова