Қоғам

Қалада “Іскер әйелдер” байқауы өтті

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен жандар. Петропавлда осымен екінші жыл қатарынан “Іскер әйелдер” байқауы өтті.

Оған 7 адам қатысып, 3 кезең бойынша сынға түсті. Нәзікжандылар ең алдымен өздері туралы бейнеролик көрсетті. Кейін қазылар алқасының қойған сұрақтарына жауап берді. Сайыстың соңында үміткерлер әуезді ән айтып, мың бұрала би билеп өнерлерін паш етті. Нәтижесінде “Ең үздік іскер әйел» атағын көп ұпай жинаған Дина Мұхамбетжанова иеленді. Жұбайымен бірге 3 бала тәрбиелеп отырған жас ананың шағын кәсібі бар екен. Іскер нәзікжанды енді жыл соңында елордада өтетін байқаудың ақтық кезеңіне қатысады.

Дина Мұхамбетжанова, “Business lady Qazaqstan” байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы:

– Сайыс тартысқа толы болды. Бәсекелестерімнің барлығы – өз ісінің шеберлері. Бүгін жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Алда осыдан да жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын.

Маржан Қасымбек