Білім

«Мәңгілік ел – Мәңгілік тіл» атты тілдер апталығы

«Мәңгілік ел – Мәңгілік тіл». Бүгін облыстық тілдер фестивалі аясында қаладағы құрылыс-экономикалық колледжінде тілдер апталығы бастау алды. Шара қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына арналған.

Жиында өнерлі жандар жүрегінен шыққан төл туындыларын паш етіп, ән салып, би биледі. Әрі Абайдың шығармаларын оқу арқылы ана тілдің қадір-қасиеті мен маңызын жеткізуге тырысты.

Роза Күлжанова – Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі директорының орынбасары:

– Шараның мақсаты – жастар арасынды тілді насихаттау. Мұнда 1 апта бойы тіл байқаулары өтеді.

Бердимурат Баймухан