Қоғам

Қаракүзен, мутон ішігі мен тондардың көрмесі

Сәнқой нәзікжандылардың құлағына алтын сырға. Петропавлда түрлі талғам мен сұранысқа сай келетін ішіктердің көрмесі қанат жайды. Ресейлік компания қаракүзен және мутон ішігі мен тонның түр-түрін ұсынуда. Бастысы – сыртқы киімдердің сапасы жоғары, ал бағасы қалта қақпайды. Сатып алушыларға 30 пайызға дейін жеңілдік де қарастырылған.

Эльмира Сәдуақасова – тілші:

– Теріскейге қыстың ерте келетіні белгілі. Сондықтан, қауырт маусымға дайындықты қазірден-ақ бастаған жөн. Бұл ретте нәзікжандылардың жолы болды дей аламыз. Ресейлік «Белка» компаниясы қыз-келіншектерге 600-ден аса ішік түрін ұсынуда. Мұнда кез келген сәнқой өзінің талғамы мен сұранысын толықтай қанағаттандыра алады.

Таңдау жасау қиынның-қиыны. Ішіктер бірінен бірі өтеді. Ассортимент кең болғандықтан да келушілердің әрбіреуіне мамандар көмек қолын созып жатыр. Дене бітімі, бойы мен талғамына сай олар нәзікжандыларға арманындағы сыртқы киімді ұсынуда.

Зәуреш Бекжанова көрме жайлы теледидардан естіпті. Сондықтан, сағат онда ашылғанда бірден келінімен келіп, таңдауға кіріскен. Айтуынша, жергілікті дүкендермен салыстырғанда бағасы әлдеқайда арзанырақ.

Зәуреш Бекжанова – қала тұрғыны:

– Маған келетін ішіктер бар. Алуға болады. Тағы ойланып көремін. Сапасы өте жақсы.

Сапасына шынымен де күмән келтіруге болмайды. Барлық ішіктердің тиісті сертификаттары бар. Құжаттардан бөлек, ішіктердің тігісі мен жағдайын мынадай бір лайфхак арқылы тексеруге болады. Жасанды сыртқы киімге алданып қалмас үшін, теледидарға жақынырақ отырыңыздар.

Сергей Котов – «Белка» ішіктер компаниясының аға сатушысы, РФ:

– Бұл скандинавиялық теріден жасалған. Тексеру – оп оңай. Бар болғаны жеңін қолға осылайша жинау қажет. Екі секундтай ұстап, жіберу керек. Көріп тұрғандарыңыздай, ішікте аса із де қалған жоқ. Бұл киімнің өте сапалы екенін білдіреді. Мұндай тондар 15 маусымға дейін шыдас береді.

Ішіктерді киіп, кейін сақтағанда да ұқыптылық танытқан жөн. Әсіресе, жаз айларында тондарға көз тігетін жәндіктерден қорғау қажет. Ол үшін ресейлік мамандар арнайы қаптарды да ала келіпті. Тиісті препаратмен өңделген тыс 3 жылға дейін сыртқы киімді су жаңа күйінде сақтауға септеседі. Сатушылардың сөзінше, тұрғындардың тарапынан сұраныс әсіресе қаракүзенге жоғары. Бүгінде нәзікжандылар классикалық қара түсті ішіктермен қатар, басымдықты өзге де үлгілерге беретін көрінеді. Мәселен, қысқа, ашық түстілері де қазір аса танымалдылыққа ие. Оның барлығын осы көрмеден табуға болады. Сондай-ақ, тондардың да түр-түрі бар. Бағалары да сан алуан.

Сергей Котов – «Белка» ішіктер компаниясының аға сатушысы, РФ:

– Қаракүзен ішіктері 330 мың теңгеден басталады. Мутонның бағасы – 70 мыңнан жоғары. Айта кететін маңызды жайт: барлық ассортиментке 30 пайыз жеңілдік ұсынамыз. Сондай-ақ, 2 жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік бар. Бастысы – бекітілген құнының үстіне бір тиын да қосылмайды.

Сапалы, әдемі, сән әлемінің соңғы үлгілеріне сай ішіктерді сатып алуға асыққан жөн. «Белка» компаниясының көрмесі Петропавлда 3 күнге ғана тұрақтайды. Мамандар нәзікжандыларды сағат таңғы 10-нан 7-ге дейін Жастар сарайының 2-ші қабатында күтеді.

Эльмира Сәдуақасова