МТРА жаңалықтары

Мемлекет басшысының қатысуымен жиын өтті

Мемлекет басшысы Рублевка селосынан кейін ат басын Петропавлға бұрды. Мұнда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жиын өтті. Алқалы отырыс барысында агроөнеркәсіптік кешеннің даму қарқыны сөз болды.

Отандастарымыздың 1 млн 300 мыңы ауыл шаруашылығында екі қолға бір күрекпен қамтылған. Бұл жұмыс істейтін тұрғындардың 15 пайызын құрайды. Қазір аграрийлердің барлығы орақ науқанына жұмылдырылды. Жиын-терім жұмыстарын әзірге түркістандықтар ғана тәмамдапты. Ел бойынша 15 млн гектарды құрайтын дәнді дақылдар алқабының үштен біріндегі шаруа өз мәресіне жетті. 6,5 млн тоннадай астық бастырылған. Орташа өнімділік, әзірге, гектарынан 11,6 центнерді құрайды. Қолайсыз ауа райының салдарынан биыл қамбаға құйылатын алтын дән 2018-бен салыстырғанда аз болады деп күтілуде. Бірақ, бүгінде ырыздықты өсіру бір бөлек, оны саудалау қажет. Тек шикізат күйінде ғана емес, өңделген тауар ретінде де өткізген абзал. Бұл әлдеқайда тиімді. Сондықтан, елімізде экономика мен алқаптарды әртараптандыру шаралары жүргізілуде.

Сапархан Омаров – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

– Министрлік, әкімдіктер мен бас прокуратураның бірлескен жұмысының нәтижесінде бос жатқан 12,8 млн га жер анықталды. Оның 2,2 млн гектары бойынша іс сотқа жіберілді. Қалғаны қайта қолданысқа берілді. Алқаптарды тиімді пайдалануға қатысты бақылауды күшейту қажет. Ол үшін жерлерге ғарыштық мониторинг жүргізіп, нәтижелерін бос жатқан алқаптарды қайтару мақсатында қолдану керек. Тиісті өзгерістер қазір заңнамаға енгізіліп жатыр.

Өндірісті ғана дамытып қоймай, ауыл тұрмысына да мән беру қажет. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – еліміздің алдыңғы қатарлы “Зенченко и К” командиттік серіктестігінің басым бағыттарының бірі. Агроқұрылым өз жұмысшылары мен елді мекеннің азаматтары үшін барынша қолайлы жағдай жасап, инфрақұрылымды дамытуда. Алайда, бір проблема бар. Ол – ауыл шаруашылығы саласында еңбектенетін білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

Геннадий Зенченко, «Зенченко и К» КС бас директоры:

–  Бізде мамандарды дайындайтын оқу орындары көп. Бірақ, іске келгенде бұл түлектерден нәтиже аз. Қазіргі таңда мал шаруашылығы мен егіншілікте еңбектенетін адамдар керек. Бір өтінішіміз бар – колледждегі білім беру мәселесіне көңіл бөлсеңіздер. Студенттерді шетелдегідей заманауи техника мен қондырғыларда жұмыс істетіп, оқыту қажет.

Отандық агроқұрылымдардағы бұл мәселемен мемлекет басшысы да жақсы таныс. Аграрлық сала маманының беделін арттырып, студенттер мен жұмысшыларды тиісті жалақы және баспанамен қамту қажет. Қағазбастылық мәселесі де әлі өткір тұр дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. Министрлер бұны тез арада шешулері тиіс. Отырыста тағы субсидияға да қатысты сұрақ көтерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Сельхозпроизводители должны быть уверены, что в целом политика предоставления субсидий данной отрасли остается с силе. Но сейчас нам нужно совместно подумать и определить те сектора, которые реально нуждаются в субсидиях и реально, эффективно их осваивают. Мы не можем сейчас раскидывать субсидии по всему сектору и эффективным работникам и тем, кто просто их проедает. Поэтому задача МСХ состоит в том, чтобы действительно отработать методику предоставления субсидий, которые эффективно будут работать на сельское хозяйство.

Селекциялық жұмысты да қолға алу қажеттілігі сезінуде. Дақылдардың сапасы төмендеп барады. Проблеманың жайы бізден бөлек, шетелдік серіктестерге де мәлім. Салдарынан экспорт көлемі азаюда. Сыртқы нарықтағы орынды жоғалтып алмас үшін ауқымды селекциялық жұмыс атқару қажет деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының өнімділігі пен эскпортын 2022 жылға қарай 2,5 есеге арттыру қажеттігін қадап айтты. Межеге жету үшін ең бірінші кезекте тиімділігі жоғары дақылдарды өсіруге көшу керек. Яғни, жасымық, соя мен зығырға көбірек мән берген абзал. Себебі, аталған тауар түрлеріне ішкі нарықта ғана емес, сыртта да сұраныс жоғары.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– В 2018 году экспортировано 33 тысячи тонн сои по 400 долларов за тонну, тогда как тонна пшеница продается по 20 долларов. Тогда как Китай увеличил импорт сои из Казахстана больше чем в 2 раза, доведя импорт сои из нашей страны до 17,5 тысяч тонн. Почти на треть увеличились объемы экспорта льна. Около 70% урожая направили в Бельгию, Германию, Польшу. Высокорентабельные культуры позволяют увеличить доходы отрасли в 1,5-2 раза.

Екіншіден органикалық өндірісті дамытқан жөн. Өйткені, қазір халықаралық нарықта табиғи таза тауар түрлеріне сұраныс жоғары. Бірақ, біздің өнім өзге мемлекеттерде аса танымал емес. Мұның себебі неде? Сөйтсек, отандық сертификаттарды шет елде мойындамайтын көрінеді. Әрі ондай құжатты жасату да қиын. Арнайы куәлік үшін шаруалар шекара асуға мәжбүр. Бұл бағытта министрліктің тындырып отырғаны шамалы. Минералды тыңайтқыштарға қатысты жағдай да көңіл көншітпейді. 1 га-ға біз 5 келідей препарат себеміз. Ал, көршілес Ресей болса – 40, Еуропа елдері мен АҚШ 400-ден 700 келіге дейің сіңіреді екен. Республикада тыңайтқыш шығарумен айналысатын 12 зауыт қазақстандық аграрийлер сұранысының тек жартысын ғана қанағаттандырады екен. Ауыл шаруашылығы техникасының тозып жатқаны да айтылды отырыста.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Сегодня изношенность парка сельхозтехники составляет 80%. Ежегодное обновление парка составляет всего 3%, при нормативе 10%, отсюда и такая производительность. Вместе с тем крупных успехов по локализации наиболее современных западных заводов пока не наблюдается. Правительством совместно с акиматом СКО ведется работа по локализации с немецким производителем сельхозтехники CLASS.

Тағы да мемлекет басшысы өңірді газбен қамту сұрағын шешу қажеттігін айтты. Мәселе президент әкімшілігінің бақылауында болмақ. Жер – оны тиімді пайдаланып, жұмыс істейтін жандарға берілуі тиіс. Ал, қолданылмайтын алқаптарды жауапсыз аграрийлерден тартып алып, заңнамаға тиісті өзгертулерді енгізу керек деді Президент. Жайылым көлемі жағынан Қазақстан – әлемде 5-орында, бірақ біз бұның тек 40 пайызын пайдаланады екенбіз. Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы тауарын өндіру шаруасына да тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Порядка 70% экспорта – сырьевая сельхозпродукция. С прошлого года начался массовый вывоз скота. В 2018 году экспортировали 56 тысяч голов КРС. А за сейчас полгода 75 тысяч голов. В том числе вывозится маточное поголовье, импорт которого мы субсидируем. При этом Казахстан экспортирует по цене в 4 раза ниже цены импортируемой. При этом мясоперерабатывающие предприятия страны загружены только на 40%.

Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту жұмысына да қарқын қосу қажет деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Байболат Бектемірұлы