МТРА жаңалықтары

Мемлекет басшысы Петропавлдағы өндіріс ошақтарында болды

Оқушылар сарайындағы отырыстан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы бірқатар өндіріс ошағын аралады.

Алдымен Президент “Радуга” ЖШС болды. Мұнда әзірленетін тауар түрлерімен кәсіпорынның бас директоры Дмитрий Шарапаев таныстырды. Ал облыс әкімі Құмар Ақсақалов мемлекет басшысына өндіріс ошағының жаңа жобаларын әңгімеледі. Кейін, Қасым-Жомарт Кемелұлы Киров атындағы зауытқа ат басын бұрды. Бұл жерде қазіргі күні 700-ден аса адам еңбек етеді. Жұмыс автоматтандырылған. Мамандардың дені баспа платаларын жасайды. Бүгінде қорғаныс министрлігінің тапсырысын орындап жатыр. Бүгін зауытта тарихи оқиға орын алды. Мұнда көп қабатты баспа платаларын әзірлейтін қондырғы іске қосылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Желаю вам успехов. Я надеюсь что это предприятие будет успешным.

Байболат Бектемірұлы