Құқық қорғау органдары

Аулаңызды таза ұстаңыз

Аулаңызды таза ұстаңыз! Себебі, ортақ тәртіпке көнбеген жанды Әкімшілік кодекстің 505-ші бабы бойынша жазаға тарту қарастырылған. Яғни, ережені елемеген тұрғынға ескерту жасалады немесе айыппұл салынады. Жыл басынан бері Петропавлда мұндай 2400-ден аса жағдай тіркеліпті.

Қаламыздағы учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру ережелерінің сақталуына бағытталған рейдтерді жиі өткізіп тұрады. Бұл өз нәтижесін беруде. Мысалы, мамандар жыл басынан бері ұйымдастырылған шараларда 2400-ден аса құқық бұзушылық фактісін анықтаған. Ережені елемегендердің басым бөлігіне ескерту жасалыпты. Ал, 121 адамға 3 миллион 636 мың теңге көлемінде айыппұл салған.

Руслан Шәкіров – Петропавл қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторы:

– Тұлға абаттандыру ережелерін сақтамаса Әкімшілік кодекстің 505-бабы бойынша жазаға тартылады. Яғни, ол адамға
айыппұл салынады немесе ескерту беріледі.

Негізі қаланың абаттандырылу жағдайын қадағалау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін күн сайын 50-ден астам учаскелік полиция инспектор көшеге шығады. Тексерістерге әкімдік өкілдері де қатысады. Олардың қатысумен биыл 60-қа жуық рейд өткізіліпті. Шара барысында теріскейліктерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаднама қағаздар таратылған.

– Вы напишите что-то?

– Нет! Сейчас мы ничего не будем писать, сейчас мы просто предупредим, что данное правонарушение предусматривает административный штраф: 20 МРП.

– А нарушение какое?

– Нарушение правил благоустройства, статья 505 Кодекса РК об адмправонарушениях.

Сөз соңында айта кетейік, полицейлер барлық меншік иелері өз аумақтарында өсіп кеткен шөпті шауып, қоқысты дер кезінде шығарып тұру қажеттігін еске салды.

Байболат Култанов