Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО-ға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына келді. Президент жұмыс сапарын Аққайың ауданынан бастады. Мұнда ол егістік жерлерді аралап, қатардағы механизаторлармен тілдесіп, өлкедегі орақ науқанының барысымен танысты. Кейін Президент аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың есебін тыңдап, “Зенченко” компаниясының сүт-тауарлық фермасына да барды.

Мемлекет басшысының теріскейге іс сапары солтүстіктің мақтанышы – алтын дәнді алқаптардан бастау алды. Биылғы жазда ауа райы диқандар үшін аса қолайлы болды. Жаңбыр да, шуақты күндер де өнімнің жақсы өсуіне септігін тигізді. Ендігі мақсат – ала жаздай өсірген астықты ысырапсыз жинап алу. Бүгінде аграрийлердің аяқ алыстары жаман емес. Алқаптардың 40 пайызындағы жұмыс аяқталыпты. Гектарына шаруалар орташа есеппен 15 центнерден өнім алуда. Дегенмен, істің тездетіліп жүргізілуіне кедергі келтіретін фактор да жоқ емес.

– У нас не было возможности быстро убрать, но тем не менее мы в каждый погожий день стараемся убирать быстро и качественно.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Удачи вам! Знаю, что ваш труд не легкий, но крайне важный для нашей страны, для всего народа.

2 млн 800 мың гектардағы дәнді және дәнді-бұршақ тұқымдас астықтың уақытында қамбаға құйылуы техникаға да байланысты. Аграрийлер маңызды науқанға дайындықты машина-техника паркін жаңартудан бастаған. Бүгінде теріскейлік алқаптарда 7,5 мыңдай комбайн жүйткіп жүр. Өнімді жиып алғаннан кейін, оны лайықты бағаға өткізу турасында мәселе туындауы мүмкін. Бірақ, бұл жолы емес.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мы недавно были в Китае, я там сказал, что мы готовы в три раза увеличить экспорт зерна на Китайский рынок. Для них, конечно, это небольшая доля.00:29 Они готовы брать, тем более, об этом просил Елбасы. Они обратили внимание на качество.

Диқандар үшін жоғары табыс көзіне айналған майлы дақылдардың алқабы өңірде биыл 1 млн гектарға дейін артқан болатын. Бұл еліміздегі құны жоғары өнімге бөлінген аумақтың 36 пайызын құрайды. Бидаймен салыстырғанда зығыр, рапс, күнбағыс 2-2,5 есе қымбат бағаға саудаланады. Экспортқа басымдық бергенмен, құнарлы жерімізден жиылатын тауарды өңдеуді де назарда ұстау қажет.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Біз 4,3 млн тонна бидай өндіреміз. Оның 14,3 пайызын өңдейміз. Биыл сингапурлық инвесторлар қаржы құйып, ауқымды жоба жүзеге асты. Құрама жем зауыты жұмыс істеп жатыр. Жыл соңына дейін «BioOperations» серіктестігінің көмегімен бұл көрсеткішті 33 пайызға дейін арттырмақпыз. Сүтке келер болсақ, 555 мың тонна өндіріледі. Оның 243 мыңы қайта өңделеді. 2020 жылға дейін бұл көлемді 50 пайызға дейін жеткізбек ойымыз бар. Ол үшін қазір сүт зауыттарында жаңғырту шаралары жүргізілуде. Осы істі ет өнеркәсібінде де қолға аламыз. Шикізаттың 25 пайызы теріскейдің өзінде дайын өнімге айналатын болады.

Теріскейде биыл 4 сүт-тауарлы ферма жұмысын бастайды. Ал, келесі жылы қатарға тағы 10 кәсіпорын қосылмақ. Өнімді ысырапсыз жинау, өңдеу, ал қалдықтарын барынша пайдаға жарату. Табиғат ресурстарын тиімді қолдануға қазір барша әлеммен бірге СҚ да тырысып бағуда. Қарапайым мысал: көмірді алмастырып жатқан биоотын. Бұрындары жайдан-жай жағылған зығыр сабаны қазір тиімді пайдаланылып, нысандарды жылытуда қолданылып жатыр. Өңірде осы мақсатта жыл сайын 800 мың тонна зығыр сабаны кәдеге жаратылады екен.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Зығыр сабанының 1,5 мың тоннасы 1 тонна көмірге тең келеді. Бірақ, екеуінен қалатын қалдықты салыстыруға болмайды. Қараотыннан – 47 келі, ал биомассадан бар-жоғы 7 келі күл шығады. Біз бүгінде табиғи отынмен жағылатын 102 қазандықты орнаттық. Оның 67-сі бюджеттік нысандарды жылумен қамтуда. Яғни, 21 мың тонна көмірден бас тартып, 190 млн теңге болатын қаржыны үнемдедік.

Қуантары, қазір биоотынға көшемін деген кез келген кәсіпорын мен ұйым арнайы қазандықты іздеп дал болмайды. Бұндай қондырғыларды жасаумен Петропавл ауыр машина жасау зауыты айналысуда.
Ал Рублевка ауылында Зенченко компаниясына тиесілі сүт-тауарлық фермалардың бірі жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Тоқаев мұнда да бас сұқты. Фермада Германиядан әкелінген симментал сиырларының 600 басы бар. Немістің ірі қарасына таңдау кездейсоқ түспеген.

Геннадий Зенченко – «Зенченко и К» КС бас директоры:

-Проверенная порода. 6 лактаций сегодня мы получаем. Самое главное – это здоровье и продолжительность жизни. Голштино – это мерседесы, а это – фольксваген, который дает и молоко и мсяо, но минимум проблем.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Хорошее сравнение вы дали.

Шетелдік мал жергілікті климатқа тез бейімделіп, төлдеп те үлгеріпті. Қазірдің өзінде сиырлар тәулігіне 11 мың литр сүт береді. Жұмыс мұнда толықтай автоматтандырылған, «ёлочка» типті сауу қондырғысы да тұр. Серіктестік директоры Геннадий Зенченконың айтуынша, цифрлық технологиялардың арқасында, сүттің сапасы мен ірі қараның денсаулығы – ұдайы бақылауда.

Геннадий Зенченко – «Зенченко и К» КС бас директоры:

– Біздің өнімдер ешқашан дүкен сөрелерінен түскен емес. Субсидиялардың арқасында оның бағасын да ұдайы ұстап отырамыз.

Сәйкесінше, дайын өнім нарықта сұранысқа ие, құны да қалта қақпайды.

Геннадий Зенченко – «Зенченко и К» КС бас директоры:

– Сүт, айран, қатық, қаймақ, ірімшік пен май шығарамыз. Халық үшін жұмыс істегендіктен, өнім бағасын шарықтатудан аулақпыз. Бәрі – былайша айтқанда, «эконом-класс» тауарлары. Сондықтан, жұртшылық көптеп тұтынады.

Көл-көсір пайдаға кенеліп отырған «Зенченко» серіктестігі өз жұмысшыларының жағдайын да назардан тыс қалдырмайтын көрінеді. Мұндағы орташа айлық соңғы 5 жылда шамамен екі есеге өсіп, 152 мың теңгені құраған. Президент бұған жоғары бағасын берді. Компанияның әлеуметтік саланы дамытуда да жасап жатқан шаруасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңілінен шықты.

Геннадий Зенченко – «Зенченко и К» КС бас директоры:

-Мы уже имеем возможность обратить внимание на социальную сферу и качество жизни нашего населения.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

-Это очень важно.

Саят Ермек