Құқық қорғау органдары

«Жолда қабылдау» акциясы қорытындыланды

Солтүстікқазақстандық полицейлер «Жолда қабылдау» республикалық акциясын қорытындылады. Аталған шара өңір аумағында жұма және сенбі күндері өткен болатын. Оның барысында тәртіп сақшыларына тұрғындар тарапынан 400-ден аса сұрақ келіп түскен. Мамандар сауалдардын барлығын жіті қарап, жауап берген.

Акцияның алғашқы күні “Сity Мall” сауда үйі маңында негізгі мобильдік пункт орналасты. Мұнда басшылық құрам жұмыс істеп жатыр. Атай кетсек, полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басқармасының басшысы Дамир Хабибуллиндер бар. Бұл мүмкіндікті қала тұрғындарды қалт жібермеді. Олардың бірі мамандармен кеңесіп, сұрақтарына жауап алды. Ал кейбірі айыппұл төледі. Бірқатар жан құқық бұзушыларға қатысты шағымдарын жеткізді.

– По адресу: Жукова, 13 люди жалуются на молодежь в ночное, в дневное время. Необходимо отработать.

– Задействуйте автопатруль, комплексные силы полиции. – Так точно!

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін полиция қызметкерлері «Аулаларда қабылдау» форматында да жұмыс істеді. Көбіне мұндағы мамандарға сұрақтар үй шаруасындағы әйелдер мен зейнеткерлерден түсті. Тәртіп сақшылары олардың әрқайсысына жауап берді. Ал сенбі күні құқық қорғаушылар таңғы сағат 9-дан бастап адамдар көп жүретін
Қазақстан Конституциясы және Әуезов көшелерінің қиылысында тұрғындармен жүздесті.

Жасұлан Оспанов – СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

– Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша 13-14 қыркүйек күндері облысымызда 6-шы рет «Жолда қабылдау» республикалық акциясы жүргізіліп жатыр. Акцияның кешегі бірінші күнінде 171 адамнан сұрақтар келіп түсті. Мұндай акцияның пайдасы бар деп ойлаймын. Халықтар келіп жатыр.

Атқарылған іс бұл ғана емес. Полицейлер Instagram мен Facebook-та тікелей эфир ұйымдастырды. Нәтижесінде тұрғындар полицейлерге әлеуметтік желілер арқылы сұрақтарын қоя алды. Мұндай тәсілмен жолданған сауалдар көші-қон қызметі, қаруды сақтау мен тіркеу, джиптердің техникалық байқаудан өтуі және жол қозғалысына қатысты болды. Мамандар әр тұрғынды тындап, толыққанды жауап берді. Жалпы, акцияның екі күнінде тәртіп сақшыларына 400-ден аса сұрақ түсті. Айта кетейік, құқық қорғаушылар «Жолда қабылдау» шарасын сәуір айынан бастап жаңаша форматта өткізіп келеді.

Байболат Бектемірұлы