Спорт

«Qulager» сырт алаңда «Алматы» құрамасымен кездесті

Қыркүйектің 15-ші жұлдызында теріскейлік «Qulager» сырт айдында «Алматы» құрамасымен сайысты.

Ел біріншілігі аясында өткен ойынның бірінші периодында екі команда да бір-біріне есе жібермеуге тырысты. Есеп ашылмағанымен, келесі кезеңде қарсылас құраманың ойыншылары теріскейліктерге 2 гол соқты. “Qulager” командасы тек 1 шайбамен ғана шектелді. Үшінші периодта жерлес құраманың ойыншысы Дамир Рамазанов қарсыластарының қақпасына тағы 1 шайбаны дәл бағыттап, есепті теңестірді. Осылайша қос құрама ойынның негізгі уақытында 2:2 есебімен тең түсті. Бірақ, овертаймның 4-ші минутында Илья Ахметов алматылықтардың уысынан жеңісті жұлып алды.

Бердімұрат Баймұқан