ТЖ

Жұмысшы кентінде 3 көлік жанып кетті

Кеше Петропавлда қатарынан 3 бірдей көлік жанып кетті. Оқиға Жұмысшы кентінде болған.

Құтқарушыларға қоңырау күндізгі 2-лер шамасында түскен. От Пугачев көшесінің бойында “Мерседес” автокөлігінен шыққан. Қас қағым сәтте қызыл жалын жақын маңда тұрған «Тойота» мен «Мазда» маркалы машиналарға да таралады. Өрт жарты сағаттың ішінде толықтай сөндірілді. Бірақ, «Мерседес» пен «Мазда» толықтай жанып кетсе, «Тойота»-ның салоны мен оң жақ бөлігі зақымданған. Зардап шеккендер мен жазым болғандар жоқ. Құтқарушылар берген мәліметке сай, үш машинаның да қожайыны – бір адам. Ол бір көлігін жөндеу кезінде электр құрылғыларын қолдануға қатысты қауіпсіздік ережелерін сақтамаған көрінеді.

Саят Ермек